Текст
Төңкеріс ауылы № 12 орта мектебінде алғашқы қоңырау мерекесі "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" тақырыбында өтті. Салтанатты жиын мерекесінің қонақтары Арайлы ауылдық әкімі Алжабаев Ғ.Н., "Қадам" ЖШҚ басшысы Қожабаев Ы.А., ауыл ақсақалы Мусин Жақсылық ата қатысты. Жиын барысында Мемлекеттік Гимн шырқалып, мектеп директоры Шакиров А.Т. құттықтау сөз сөйледі. 11- сынып оқушыларын сынып жетекшісі Мырзагалиева Н.Б., ал 1- сыныпты алғашқы ұстазы Шакирова Н.М. алып шықты. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер өлең оқып, ән айтты. Құрметті меймандар жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтап, игі тілектерін білдіріп, шәкірттерге сәттілік тіледі.