"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Оқуға құштарлық” кабинетінің ашылу салтанаты

28.02.2023

23  ақпан күні мектепте “Оқуға құштарлық” кабинетінің ашылу салтанаты өтті.  Ұлттық құндылық пен рухани азық тоғысқан кабинеттің салтанатты ашылу рәсімін балалар ақыны, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Серікбол Хасанға табысталды. Ашылу салтанаты «Ақын-елдің ардағы» атты кездесу кешімен жалғасты. Серікбол Хасан балаларға өзінің ақындық жолға келуі жайлы, әжесінің ақындыққа ықпалы туралы әңгімелесті.   Кездесу барысында оқушылар Серікбол Хасанға өздерінің сұрақтарын қойып, ән мен жыр шашуларын арнады. Мектебіміздің оқушысы Байділда Жібек ақынға өзінің шығармашылығынан өлең оқыды. Ақынның «Әжем айтқан ертегі», «Қолыңды жу», «Тазалықты сүйемін», «Қиын бала қысым»,  «Аю мен тышқан», «Үйшік», «Бауырсақ», «Көліктер», «Робот» өлеңдері оқылды. Жас ақынымыз кәде сый ретінде балаларға арналған «Күшті бала», «Балалар поэзиясының антологиясы» атты кітаптарын  тарту етті. Ақынның кітаптары әке мен қыз арасындағы сүйіспеншілік, ізгілік қасиеттерге толы. Кеш ұйымдастырушысы мектеп кітапханашысы Имагамбетова Маруакул Амирбековна.

https://www.instagram.com/reel/CpCvssMgLw7/?utm_source=ig_web_copy_link

 

​  

Просмотров: 248


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст