"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МЕКТЕПКЕ КІТАП СЫЙЛА» РУХАНИ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

«МЕКТЕПКЕ КІТАП СЫЙЛА» РУХАНИ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес «Кітап оқитын мектеп – оқитын ұлт» жаңа жобасы қолға алынып, іске асырыла бастады. Бұл рухани акциянға үн қосу шеңберінде біздің де білім ордасындағы кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла» шарасы ұйымдастырылды. Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болуда. алдағы уақытта оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы тұлғалық болмысын дамыту үшін жаңаша жетістіктерге жетелейтін көркем әдебиеттер мен ғылыми әрі танымдық кітаптарды жиі оқуды тұрақты дәстүрге айналдырса уақыттың үдерісінен табылары даусыз. Бұл – қазіргі кездің ең басты да талабы.

Міндеттері: Білім алушыларды оқуға тарту; кітапты қағаз тасымалдағышта танымал ету; кітапқа деген жауапкершілік пен құрмет сезіміне тәрбиелеу; мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Акцияға ата-аналар және мектеп оқушылары қатысты. Акцияға қатысушылар мектеп кітапхасына заманауи балалар әдебиетін, көркем және классикалық әдебиетті, ертегілер мен шытырман оқиғаларды сыйлады. Қазіргі уақытта мектеп кітапханасы жаңа басылымдармен толықты. Осы жылы кітап сыйлағандар арасында BI Group құрлыс компаниясы мен аудандық білім бөлімін атап өтуге болады. Сыйға тартқан кітаптар өз оқырмандарын тауып, көптеген балаларды және біздің оқырмандарымызды қуантады. "Мектепке кітап сыйла" акциясы жалғасын табады.

Мектеп кітапханасы: Имагамбетова М.А.

 

Жаңартылған күні: 14.12.2022 02:03
Құрылған күні: 14.12.2022 02:03

Текст