"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

XV Президенттік олимпиаданың қорытындысы (2022-2023)

ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕСІ
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылғы 12 қазанда Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында XV Президенттік олимпиаданың бірінші (аймақтық) кезеңі өткізді. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың 11- сынып оқушылары қатысты.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология. Мектебімізден аудандық кезеңнең жүлделі 1-орын алып, облыстық кезеңге 11-сынып оқушысы ЖАКТАЕВА НҰРЛЫМ қатысқан болатын. ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ҚАТЫСЫП, ЖҮЛДЕЛІ 3-ОРЫН ИЕЛЕНДІ. 
Жетекшілері:
Математика пәні мұғалімі: Мырзагалиева Н.Б. Физика пәні мұғалімі: Кикимов С.И. Химия пәні мұғалімі: Кеделбаева А.У.
Биология пәні мұғалімі: Айдарбекова Г.Е.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жаңартылған күні: 31.10.2022 16:00
Құрылған күні: 31.10.2022 16:00

Текст