"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің сүйікті кітаптарым

Менің сүйікті кітаптарым

      Сабақтың мақсаты: оқырмандарды көркем шығармалар оқуға шақыру, кітап рухани байлық екенін ұғындыру, кітапханашымен оқырман арасындағы ізгі байланысты жандандыру.

     Көрнекілігі:  Оқырманның оқыған кітаптарынан ұйымдастырылған «Менің сүйікті кітаптарым»  атты кітап көрмесі, слайд, кітап туралы нақыл сөздер.

    Тәрбиелігі:Кітапты бағалау, жақсы және жаманды түсінуге тәрбиелеу.

        Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік»-деген еді Ғабит Мүсірепов.

        Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу- әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

        Көркем шығарма-адам тәрбиелейтін басты әрі қуатты құрал.Ол адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Кітап оқу арқылы адамның мінез-құлық нышандары өзгереді. Баланың қуану, аяу, өкіну, жақсы көру сезімдері оянады. Көркем сөз арқылы Отанын, елін, өз отбасын сүю, адамды қадірлеу, жан-жануар, табиғатқа деген қамқорлық сезімдері оянады, білуге құштарлық сияқты қасиеттер дариды. «Көркем әдебиет-өмір айнасы», «кітап-білім бұлағы» дейтін теңеулерді ХХ ғасырдағы ақын-жазушылардың үнемі айтқаны белгілі. Ал, бүгін ақпараттық технология дамыған XXI ғасыр. Әр үйде теледидар, радио, компьютер, интернет, яғни ақпарат алудың кітаптан басқа жүйесі қарқынмен дамып келеді. Білім қуған жастардан бастап әдеби шығарма оқуды әдетіне айналдырған кітапқұмар адамдардың баратын орны, яғни білімін тереңдететін орталығы кітапхана.

     Қазір кітапханамыздың ең жас оқырмандары кітап туралы тақпақтарын оқып береді.

   «Кітап –біздің досымыз» атты әдеби монтажға кезек берілді.

Жаңартылған күні: 23.11.2022 00:29
Құрылған күні: 23.11.2022 00:29

Текст