"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке 1 жыл толуына орай волейболдан турнир

Целиноград ауданы Төңкеріс ауылы Төңкеріс орта мектебінде жаңа салынған мектепке 1 жыл толуына орай мемлекеттік қызымекерлер яғни ауылдық аймақ әкімдері, мектеп басшылар , аудан ардагерлері, жол полиция қызметкерлері және мектеп ұстаздар командасы арасында волейболдан турнир өтті. Ашылу салтанатында мемлекеттік әнұран ойналып көпшілік назарына мерекелік концерт домбырашылардан күмбірлеген күй тарту етілді. Келген қонақтар сөз алып құттықтауларын жеткізді. Турнир мақсаты достық қарым-қатынасты күшейту, жас буынға өнеге көрсету, волейбол ойынына баулу. Ойын барысы өте тартысты өтті. Әсіресе жол полиция қызметкерлері ойыны ерекше тәнті етті. Команда капитаны жол полиция қызметкері Нүгербеков Нұртілек бастаған команда 1 орынға иеленсе, Алтынсарин, Төңкеріс, Ақмешіт , Мортық мектеп басшыларынан жинақталған команда капитаны Жанажайнақ мектебі басшысы Жапан Баянғоныс 2 –ші орын иеленді. 3-ші орын Мәншүк ауылдық аймақ әкімі Исаев Ғани бастаған Тасты, Жанаесіл, Қараөткел ауылдар әкімдеріне бұйырды. Барлық ойыншылар арнайы кубок және медальдармен марапатталды. Бұл турнир жылда өткізу жоспарланып отыр. Барлық келген, қатынасқан ойыншыларға мектебіміз атынан алғыс білдіреміз!!!

Жаңартылған күні: 17.03.2023 09:44
Құрылған күні: 17.03.2023 09:44

Текст